Мемлекет басшысы Абай облысына жұмыс сапары барысында жазушы Мұхтар Әуезов пен ғалым Қайым Мұхамедхановқа арналған ескерткішті ашты.
Президент шараға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде екі тұлғаның төл тарихымызда ерекше орын алатынын атап өтті, деп хабарлады Ақорда сайты.

"Бұл – ұстаз бен шәкірт, аға мен іні арасындағы рухани бірліктің символы. Шын мәнінде, қос алыпты бөле-жарып қарау мүмкін емес. Олар Абай мұрасын зерттеп, дәріптеуге өлшеусіз еңбек сіңірді. Төл әдебиетімізді жаңа белеске көтерді. Мұхтар Әуезов Абайды, Абай арқылы қазақты бүкіл әлемге танытты. Ұлы ойшылдың көркем бейнесін сомдап, оның асыл мұрасын адамзаттың ортақ қазынасына қосты. Жазушының әр туындысы жұртымыздың жүрегінен өшпес орын алды. Мұхтар Әуезов – әлем әдебиетінің шыңына көтерілген қаламгер. Ал Қайым Мұхамедханов – ұлы жазушының жақын серігі әрі шәкірті. Ол бүкіл ғұмырын Абайтану, Шәкәрімтану және Алаштану ғылымына арнады. Қуғын-сүргінге ұшыраса да, тағдырдың сынағына қарсы тұрып, еліне адал қызмет етті", – деді Мемлекет басшысы.
Президент ұлт тарихындағы біртуар тұлғаларымызды ұлықтау парыз екенін және бұл ескерткіш Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық тойына тарту болғанын айтты.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы шараға қатысуға келген бір топ зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Олардың қатарында жазушы мен ғалымның ұрпақтары, абайтанушылар, осы өңірде туып-өскен бірқатар ақын-жазушылар болды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📈 Үкімет қаулысы: 1 шілдеден кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі
-
382
-
0
-
0
-
-
2🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
-
356
-
0
-
0
-
-
3🚆 Астанаға пойызбен келген жолаушылар Бурабай мен Баянауылға қалай жете алады?
-
355
-
0
-
1
-
-
4💵 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттер қанша теңге стипендия алады? Жаңа нұсқа
-
338
-
0
-
0
-
-
5👨👩👧👦 Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады. Қандай құжаттар керек?
-
327
-
0
-
0
-
-
6🏙⛔️ "Аралда қалған сияқтымыз". Түркістан облысындағы атаусыз қалған ауылда су, жарық және жол мәселесі шешілмеген
-
303
-
0
-
0
-
-
7☪️ Тоқаев: Салт-дәстүрмен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды
-
317
-
0
-
0
-
-
8👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
286
-
0
-
0
-
-
9🐏 Қазақша рекорд: Қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді
-
276
-
1
-
2
-
-
10🎪Ерекше қажеттілігі бар адамдар қандай мәдени іс-шараға тегін кіре алады?
-
279
-
0
-
0
-