Семейде заңсыз салынған тағы бір үйдің үлескерлері бас көтерді, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Жылдап жинаған ақшамызды жоқ үйге салдық деген тұрғындар әкімдіктен көмек сұрайды. Мүмкіндік болса көпқабатты баспанамыз тұрғызылып, заңдастырылса. Болмаса біткен үйден пәтер үлестірілсе деп отыр. Бірақ тиісті орган бір топ адамның қалауын жасай алмайды. Өйткені құжаты түгел болмаған кұрылысты сот сүру керек деген.
Семейде заңсыз салынып жатқан құрылыстың бірі - "Дала СК" тұрғын үй кешені. Бұл учаскеде алты тоғыз қабатты үй бой көтеруге тиіс болған. Бірақ қазір жұмыс толық тоқтап тұр. Себебі алып кешенді сүру туралы сот шешім шығарған. Алайда оған қолындағы соңғы тиынын санап берген тұрғындар қарсы. Салымшылар жұмыстың қайта жанданғанын қалайды. Өйткені алды 10 миллионнан, 40 миллион теңгеге дейін берген.
"Дала СК" компаниясының өкілдері үлескерлерден шамамен 900 миллион теңге ақша алғандығын айтады. Компания енді жұмысты соңына дейін жеткізуге рұқсат сұрап отыр және құрылыстың құжаты әу баста болмағанын мойындады.
"Біз мемлекеттік актіні уақытында алуға үлгермей қалдық. Қателігімізді мойындаймыз. Қазір бізде 60-тан астам үлескер бар. Бізге құрылысты аяқтауға мүмкіндік берсе. Біз жауакершіліктен қашып тұрған жоқпыз", – деді құрылыс компаниясының құрылтайшысы Дәурен Жұмағұлов.
Ал құрылысты бақылау мамандары сот шешімін орындауға тиіспіз дейді.
"Соттың екі шешімінде де мәжбүрлеп бұзу бойынша шешім шығарылған. Кейінгі кезде мәлім болған нәрсе ол алпыстан көп азамат бұл үйге өзінің қаржысын салып үлгерген. Ол қаржылардың қазіргі қайтарылуы соттың шешіміне байланысты болады", – деді Абай облысы сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сайлауғали Байназаров.
Ал жергілікті билік өкілдері бұл кешендерге ақша құйған үлескерлерді қолдайтын орталық ашпақ.
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63