Семейде жалған екпе паспортын 15 мың теңгеден сатқан екі медицина қызметкері ұсталды

Қазіргі таңда жалған паспорт сатып алған 30-ға жуық адам анықталған.

Семейде вакцина паспортын қолдан жасап сатқан екі медицина қызметкері ұсталды. Олар құжатты 15 мың теңгеге сатқан. Қазіргі таңда жалған паспорт сатып алған 30-ға жуық адам анықталды, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Ішкі істер министрлігі тергеу нәтижесінде жалған паспорт сатып алған басқа адамдар да анықталуы мүмкін екенін айтып отыр. Енді екпе жалған екпе паспортын жасатқандардың базадағы мәліметтері жойылады.

Сондай-ақ ПТР анықтамасын жасап сатқан Өскемен қаласының 34 жастағы азаматы ұсталды. Ол клиенттеріне тест тапсыртпастан 15 мың теңгеге жалған анықтама дайындап беріп отырған. Жалпы жыл басынан полицейлер 53 жалған паспорт пен 57 ПТР тест жасалғаны анықтаған.


Оқи отырыңыз: 


"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған екпе паспорты мен ПТР анықтамаларын сату туралы 68 хабарландыру анықталды. Олар туралы ақпарат бұғаттау үшін уәкілетті органға жіберіледі. Жалған құжат дайындағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны сатып алғандарға 40 тәулікке дейін қамауға алу қылмыстық жауапкершілігі көзделген", – дейді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз