Семейде 4-сынып оқушысын жабылып ұрған балалардың қамқоршылары ата-ана құқығынан айырылды

Кәмелетке толмағандардың ата-аналарынан алимент және мемлекеттік баж өндірілді.

Семейде төртінші сынып оқушысын бірнеше бала жабыла ұрып, қорлаған оқиға бойынша жаңа мәліметтер жарияланды. Абай облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиғаға араласқан балалардың ата-аналарына қатысты ата-ана құқығынан айыру және шектеу туралы істер сотта қаралған.

Семейде болған мектеп оқушысын соққыға жығу оқиғасынан кейін ата-аналардың жауапкершілігі қаралып, сот бірнеше шешім шығарды. Ата-ана құқығынан айыру және оны шектеуге қатысты талап арыздар Абай облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды.

Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған оқушыға күш көрсеткен алты баланың ата-анасының үшеуі комиссияның шешіміне шағым түсірген. Қалған ата-аналарға қатысты сот отырыстары өтіп, нақты шаралар қолданылды.


Оқи отырыңыз: Бір аулада 54 орындық: Атыраулықтар шенеуніктердің әрекетіне шағымданды


"Сот шешімімен бір кәмелетке толмаған қыздың анасы ата-ана құқығынан айырылды. Тағы бір оқушының анасына қатысты талап арыз ішінара қанағаттандырылып, ал әкесінің ата-ана құқығы шектелді. Бұл шешім оның бала тәрбиесіне ұзақ уақыт араласпауы және алкогольді мөлшерден тыс қолдануы ескеріліп қабылданған", – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың ата-аналарынан алимент және мемлекеттік баж өндірілді. Қазіргі таңда қыз балалар қамқоршылық және қорғаншылық органдарының бақылауына алынған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз