USD: 470.3 / 472.9
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.85 / 5.97
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Семейде 300-ден астам балабақша қызметкері демалыс ақысын ала алмай жүр

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Олардың арасында жалғызбасты аналар мен ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлер де бар.

Семейдегі жеті мемлекеттік балабақшаның 300-ден астам қызметкері бір айдан бері еңбек демалысына арналған төлемі мен сауықтыру жәрдемақысын ала алмай жүргендерін айтып, наразылық білдірді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Тәрбиешілердің айтуынша, олар 1 маусымнан бастап еңбек демалысына шыққанымен, заң бойынша тиесілі қаражат әлі күнге дейін аударылмаған. Соның салдарынан кейбірі емделу жоспарын кейінге қалдырса, енді бірі несие төлемдерін өтей алмай отырғанын айтады.

Олардың арасында жалғызбасты аналар мен ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлер де бар. Кейбірі дәрі-дәрмек сатып алуға да қаражаттың жоқ екенін жеткізді.

Семей қалалық білім бөлімі төлемнің кешігуін құжаттарды рәсімдеу тәртібіндегі өзгерістермен байланыстырды. Ведомствоның мәліметінше, қажетті өзгерістер өткен аптаның соңында ғана күшіне енгендіктен, қаражатты алдын ала аудару мүмкін болмаған.

Білім бөлімі қазір "Қаржы орталығы" АҚ-мен келісімшарт жасау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жауаптылардың айтуынша, келісімшарт 10 шілдеге дейін жасалып, ал барлық төлем 25 шілдеге дейін толық аударылады.

Сондай-ақ ведомство бұл мәселе тек Семейге ғана тән емес екенін мәлімдеді. Демалыс ақысын күтіп жүрген балабақша қызметкерлері Өскемен, Қостанай, Павлодар және Шымкент қалаларында да бар екен.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау