Семейде 20 жастағы ана баласын қоқыс жәшігіне тастап кеткен

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Нәрестенің мәйіті сараптамаға жіберілді.

Семей қаласының қақ ортасындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. Бұл туралы Абай облысының полиция департаменті хабарлайды.

Полиция мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 3 ақпанда тіркелген.

"Полиция қызметкерлері оқиға орнына шұғыл жетіп, алғашқы тергеу шараларын жүргізді. Алғашқы анықтамалар бойынша, үйінде босанған 20 жастағы қыз табылды. Ол полицияға баласы өлі туғанын хабарлаған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталған. Нәрестенің мәйіті сараптамаға жіберілді, оның нәтижелеріне сәйкес оқиғаға қатысы бар тұлғаларға құқықтық баға беріледі", – делінген хабарламада.

Абай облысының полиция департаменті тұрғындарды осындай жағдайларда заңды жолмен көмек сұрауға шақырып, оқиғаның мән-жайы анықталғанша ақпараттың ресми көздерінен хабар алуды ескертеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз