Прямой эфир Новости спорта

"Шектен шығудың ең үлкені". Бас мүфти Швецияда Құранды өртеуге қатысты ҚМДБ ұстанымын айтты

27 қаңтарда Қазақстан мешіттерінде "Құранға құрмет" тақырыбында жұма уағызы айтылады.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 100-ден астам мұсылман елдерінің мүфтилері мен ғалымдары басқосқан халықаралық онлайн конференцияда Швецияда Құран кітабын өртеу оқиғасына қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымын мәлімдеді. Оның айтуынша, Құранды өртеу – шектен шығудың ең үлкені.

"Ол өзінің сорақы әрекетімен бүкіл әлемге бүлік салып отыр. Құранды қорлаған, оны өртеген адамды Алланың әділ үкіміне тапсырамыз. Менің ойымша, ол осы өрескел әрекетімен өзінің адамға тән болмысын қорлады. Масқара ісімен өзі масқара болды", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы. 


Оқи отырыңыз:


Бас мүфти, сондай-ақ 27 қаңтарда Қазақстан мешіттерде "Құранға құрмет" тақырыбында жұма уағызы айтылатынын хабарлады. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары