Тікелей эфир

Сауль Альварес әлеуметтік желіде Қазақстанға қолдау білдірді

"Қазақстан халқы үшін дұға етемін" деп жазды ол.

"Канело" лақап атымен танымал Сауль Альварес Instagram желісінде Қазақстанға қолдау білдіріп жазба қалдырды. 

"Қазақстан халқы үшін дұға етемін. Атырау, Орал, мен сіздермен біргемін", – деп жазды ол. 

Скриншот

Мексикалық Сауль Альваресті Қазақстанмен Геннадий Головкинмен арадағы жекпе-жек қана байланыстырмайды. Ол, сондай-ақ Атырау облысында промоутерлік компаниялардың бірімен тығыз жұмыс істейді. Әріпестік аясында қазақстандық боксшылар Сауль Альварестің командасымен бірге жаттығып, шеберлігін шыңдайды. 

Еске салайық, Канело мен Геннадий Головкин арасындағы 2017 жылғы жекпе-жек итжығыспен аяқталса, 2022 жылы қайта кездесуде Сауль Альварес жеңіске жеткен болатын. 


Оқи отырыңыз: Қырғызстанда бүгін "Қазақстанға 112 сағат қолдау" марафоны басталады


 

Серіктестер жаңалықтары