Тікелей эфир

Сәуірде "Асыл Мирас" аутизм орталықтарында ашық есік күндері өтеді

2 сәуір – дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні.

Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай, аутизм туралы ақпаратты арттыру мақсатында Болат Өтемұратов қорының қолдауымен Қазақстанның 12 қаласында орналасқан "Асыл Мирас" аутизм орталықтарында сәуірде ашық есік күндері өтеді. 

"Соңғы жылдары аутизмді диагностикалау жайында кеңес сұрайтын ата-аналардың саны көбейді. Ата-аналардың хабардарлығы күннен күнге артып келеді, бұл да өз кезегінде жақсы деп ойлаймын. Өйткені, аутизм неғұрлым ерте анықталса, баланың қоғамға араласу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады", – деді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов. 

"Асыл Мирас" аутизм орталықтарында оқитын АСБ бар балалардың ата-аналарының кері байланысы:

Қор өкілдерінің айтуынша, тек 2023 жылы 3400 бала диагностикадан өтіп, "Асыл Мирас" орталықтарында оқытылды. 10 жыл ішінде аутизм спектрінің бұзылуы (АСБ) бар балаларды тәрбиелеп отырған 16 мыңға жуық отбасы орталықтардың қызметтеріне жүгінді. Болат Өтемұратов қоры Қарағанды, Астана және Семей қалаларында жаңа "Асыл Мирас" орталықтарын ашты. Орталықтардағы барлық қызметтер тегін көрсетіледі.  

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бүгінде шамамен әрбір жүзінші балада АСБ белгілері бар. Аутизм – бұл ауру емес, ол АСБ бар балалардың әлеуметтік дағдыларын айтарлықтай жақсартуға көмектесетін дамыту мен білім беру бағдарламаларының көмегімен түзелетін жағдай.

Фото: Болат Өтемұратов қоры

АСБ-ның алғашқы белгілерін есте сақтаған жөн:

  • көзге тікелей қарамау, шақырған кезде жауап бермеу;
  • қол қимылдарының шектеулі түрде қолданылуы, меңзеу қимылының болмауы;
  • сөйлеу және дыбыс шығару қабілеттерінің дамымауы;
  • басқа балалармен бірлескен ойындарға қызығушылықтың жоқтығы;
  • заттарды (ойыншықтарды) бір қатарға орналастыруға ұмтылыс;
  • жағымсыз мінез-құлықтың көрінісі: агрессия, өзіне зиян келтіру, өтініштерді орындамау; 
  • дыбыстық тітіркендіргіштерге сезімталдықтың жоғарылауы.

Егер сіздің балаңызда АСБ-ның алғашқы белгілері байқалатын болса, алғашқы диагностика ретінде осы сілтеме арқылы қолжетімді M-chat онлайн тестін пайдалана аласыз. Тест нәтижелері кеңес беру сипатында және білікті мамандардың растауын талап етеді. 

Серіктестер жаңалықтары