Сауда министрі бір кездері елімізде қант қызылшасын егетін алқап 85 мың гектар болғанын еске салды.
Алдағы уақытта қант бағасы төмендейді, деп мәлімдеді Сауда және интеграция министрі міндетін атқарушы Серік Жұманғарин үкімет кулуарында.
"Соңғы рет сауда орталығына барған кезде, 5 келі қант 5500 теңге екенін көрдім. Бұл өте қымбат. Ендігі біздің міндетіміз – біріншіден, қанттың нарықта жеткілікті болуын қамтамасыз ету, қант қана емес, азық-түлік өнімдерінің барлық түрлері болуы керек. Екіншіден, бағаны немесе өсу қарқынын төмендетуге тырысу керек. Біздің бұған қатысты өз ойларымыз бар. Премьер-министр маған келесі аптаның соңына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрі бойынша ұсыныс беруімді тапсырды. Қазір бір сағаттан кейін осыған байланысты үлкен жиналыс жасағалы жатырмыз. Оған қант өнеркәсібіне қатысты адамдардың бәрі келеді. Келесі аптаның соңында баяндаймын деп үміттенемін", – деді министр.
Министр болашақта қант бағасы төмендейтінін айтты.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда қант тапшылығы аяқталды ма?
Сонымен қатар, ішкі өндіріс арқылы нарықты жүз пайыз қантпен қамту мәселесі шешілмейтінін жеткізді.
"Ауыл шаруашылығы вице-министрі қант қызылшасының алқабы 12 мың гектардан 36 мың гектарға дейін ұлғаятынын айтты. Бірақ бізде бір кездері 85 мың гектар қант қызылшасының алқабы болған. Кейін 1000 гектарға дейін түсіп кеттік. Қазір 12 мың гектар алқап бар. Ақырындап өсіп келеді. Кешенді іс-шаралар жоспары нарықтың тек жартысын, 43 пайызын ғана қамти алады. Яғни, өз өндірісімізбен ғана нарықты жүз пайыз қантпен қамту мәселесін шеше алмаймыз. Бұл күн тәртібінде тұрған мәселе", – деді Серік Жұманғарин.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
351
-
0
-
0
-
-
2⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
332
-
0
-
5
-
-
3🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
309
-
0
-
5
-
-
4✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
301
-
1
-
2
-
-
5👨🏭👷♂️ Біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысы 2 есе артады
-
255
-
0
-
4
-
-
6Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
-
239
-
0
-
0
-
-
7🛏 Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
-
242
-
0
-
2
-
-
8⏺️ Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді
-
259
-
0
-
0
-
-
9😱Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
-
252
-
0
-
1
-
-
10🎾 Қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирінде қанша табыс тапты?
-
281
-
0
-
0
-