Республика бойынша әйелдер шаштаразының қызметі ерлерге қарағанда 39,9% қымбат болды.
2021 жылдың бірінші жарты жылдығында шаштараз бен сұлулық салондары 16,5 млрд теңгеге қызмет көрсетті, бұл 80,9% көп. Өткен жылмен салыстырғанда олардың қызметі 8% қымбаттаған. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады.
Еске салсақ, өткен жылы Covid-19 пандемиясына байланысты шаштараз бен сұлулық салондарының қызметтері 9,1 млрд теңгеге қысқарды.
Ауылдық жерлердегі осы сектордағы қызметтер 2 есе өсіп, 898 млн теңгеге жетті. Бұл да рекордтық көрсеткіш болып саналады.
Ақылы қызметтер бағасы:
- 2021 жылдың қаңтар-шілде айларында – 4,6% өсті, бұл соңғы 3 жылдағы ең жоғары көрсеткіш;
- 2020 жылдың қаңтар-шілде айларында – 7,5% өсті, бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Өткен жылы шаштараз бен сұлулық салондарының жабылуына байланысты оларға деген сұраныс артты. Осы орайда, республика бойынша 2021 жылы шаштараз қызметі екі қалада қымбат болды:
- Алматы қаласында әйелдердікі – 3 780 теңге, ерлердікі – 2 846 теңге;
- Нұр-Сұлтанда әйелдердікі – 3 734 теңге, ерлердікі – 2 123 теңге.
Ал ең арзан баға Түркістанда тіркелді: әйелдердікі – 1 436 теңге, ерлердікі – 1 158 теңге.
Жалпы республика бойынша әйелдер (2417 теңге) шаштаразының қызметі ерлерге (1 728 теңге) қарағанда 39,9% қымбат болды. Баға жағынан ең үлкен айырмашылық Қызылордада тіркелді: әйелдердікі ерлердікінен 2,1 есе қымбат. Ал ең аз айырмашылық Қарағанды қаласында – 2,1% . Мұнда әйелдердікі – 1 875 теңге, ал ерлердікі – 1 837 теңге.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-