Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева қаңтар айында Алматыдағы президент іс басқармасының медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальдан шықты. Бұл туралы медициналық мекеме редакцияның ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.
Бұған дейін тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның 2025 жылғы сәуір айында аталған медициналық мекемеге жатқызылғанын хабарлаған болатын. Сол кезеңде бейресми дереккөздер мен бұқаралық ақпарат құралдарында оның денсаулығы мен жүрген жеріне қатысты әртүрлі, бір-біріне қайшы болжамдар тараған еді.
Алайда клиника өкілдері науқастың диагнозы мен жағдайына қатысты ақпаратты дәрігерлік құпияны алға тартып, жария етпеген.
"Пациентка госпитальда ем қабылдап, қаңтар айында амбулаториялық емге шығарылды. Денсаулық жағдайы, диагнозы, емдеу әдістері мен нәтижелері туралы өзге ақпарат Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 273-бабына сәйкес дәрігерлік құпияға жатады және жариялауға жатпайды", – делінген ресми жауапта.
Айта кетейік, 84 жастағы Сара Назарбаева медициналық мекемеде шамамен 10 ай бойы ем қабылдаған.
USD:
463.1 / 465.9
EUR:
543.0 / 548.0
RUB:
6.05 / 6.17