Ерлан Саиров Конституциялық заңның қабылдануы үшін бюджеттен қосымша қаржы талап етілмейтінін айтты.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы статусы" жөніндегі Конституциялық заңның күшін жою жөніндегі Конституциялық заң жобасы қаралды.
Заң жобасын мәжіліс депутаты Ерлан Саиров таныстырды. Ол өткен жылы бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстанда жаңа Конституция қабылданғанын еске салды.
"Конституцияға енгізілген өзгертулерге сәйкес Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Конституцияның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды. Қазақстанның демократия мен плюрализмге бет алып, терең саяси трансформация жасау кезеңінде, жеке топтардың билікті меншіктеуге жетелейтін қандай да бір тетіктерге жол бермеу маңызды. Сондықтан Қазақстан Республикасы Мәжілісінің бір топ депутаты халықтың басым көпшілігінің сұранысын ескере отырып, аталған заң жобасын ұсынды", – деді Ерлан Саиров.
Депутат "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының осы мәселе бойынша Конституциялық Сотқа жүгінгенін айтты. Өз кезегінде Конституциялық Сот "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы статусы" жөніндегі заңының Конституцияға сәйкес келмейтіндігі жөнінде шешім шығарды.
"Қазақстанның қоғамдық процесінде саяси институттарға монополия құру әрекеттері, өмір көрсеткендей, елде саяси құндылықтарды девальвациялап, мемлекет дамуына кері әсер тигізуге қабілетті. Сондықтан, мұндай олқылықтарға болашақта қоғамдық саяси иммунитет қалыптастыру өте маңызды. Жоғарыда айтылғанды басшылыққа алып, саяси-құқықтық негіз жоқ екендігін ескере отырып, "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы статусы" жөніндегі Конституциялық заңның күшін жою жөніндегі Конституциялық заң жобасы ұсынылады", – деді депутат.
Ерлан Саиров Конституциялық заңның қабылдануы үшін бюджеттен қосымша қаржы талап етілмейтінін айтты.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
392
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
372
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
370
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
356
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
360
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
363
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
351
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
329
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
301
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
289
-
0
-
1
-