Атап айтқанда, №2 Жұмекен Нәжімеденов атындағы орта мектеп ғимаратында және №16 Ж.Қаражігітов атындағы мектеп-лицейдің 10-сайлау учаскесінде жәрмеңкелер өтті.
Жәрмеңкелер жаңа оқу жылы қарсаңында тұрғындарға дауыс берумен қатар, отбасы қажетіне қажетті азық-түлік пен балаларға арналған мектеп құралдарын бір жерден сатып алуға мүмкіндік берді.
№2 мектепте жәрмеңкеге "Nurslife", "Лидер-Пласт", "Асанова" жеке кәсіпкерлері және "Арай", "Otbasy" шаруа қожалықтары қатысып, тұрғындарға көкөністер мен оқу құралдарын ұсынды.
Ал №16 мектеп-лицейдегі жәрмеңкеде "Шалманбетова", "Утебалиева", "Раяна", "Nurslife", "Риза", "Дәулет Нан" жеке кәсіпкерлері және "Рамазан" шаруа қожалығы өз өнімдерін ұсынды.
Тұрғындар сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасағаннан кейін күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдері мен жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдарын тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Мұндай жәрмеңкелер сайлау күні тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, уақытын үнемдеуге және қажетті тауарларды бір жерден алуға мүмкіндік берді.