Ең жоғары көрсеткіш Қызылорда облысында – 81,38% тіркелді.
Жалпы еліміз бойынша сағат 16.00-де 8 240 336 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 65,37% құрады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынаны құрады:
- Астана қаласы бойынша – 46,38%;
- Абай облысы бойынша – 71,18%;
- Ақмола облысы бойынша – 73,69%;
- Ақтөбе облысы бойынша – 75,63%;
- Алматы облысы бойынша – 67,23%;
- Атырау облысы бойынша – 63,37%;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 61,81%;
- Жетісу облысы бойынша – 77,03%;
- Қарағанды облысы бойынша – 70,91%;
- Қостанай облысы бойынша – 70,09%;
- Қызылорда облысы бойынша – 81,38%;
- Маңғыстау облысы бойынша – 65,86%;
- Павлодар облысы бойынша – 67,06%;
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 63,94%;
- Түркістан облысы бойынша – 76,73%;
- Ұлытау облысы бойынша – 64,29%;
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,33%;
- Алматы қаласы бойынша – 36,65%;
- Шымкент қаласы бойынша – 67,92%.

Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 18.00-де беріледі.