Ақтөбе облыстың білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан мектептердегі оқу процесі штаттық режимде жалғасатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, жағдай облыс әкімі және құзырлы органдардың бақылауында.
"Жалған ақпаратқа сенуге болмайды. Бұл жерде ата-ана да, оқушылар да педагогтер қауымына эмоциялық тұрақтылық қажет. Барлық оқу орнында оқу процесі штаттық режимде жалғасуда. Ешқандай өзгеріс жоқ. Жағдай облыс әкімі және құзырлы органдардың бақылауында. Әрине, ата-аналар үрейленіп, олардан балаларын мектепке жібермей қою немесе оқу процесін онлайнға ауыстыру жөнінде өтініштер түсіп жатыр. Бірақ, құзырлы органдармен бірге анық-қанығына көз жеткізген соң, біз оқу процесін штаттық режимде жалғастырамыз", – деді Жайық Сұлтан.
Оқи отырыңыз:
- Telegram-да белгісіз біреулер тұрғындарды Ақтөбе мектептеріне шабуыл жасаймыз деп қорқытты
- Канал с угрозами нападения на школы Актобе появился в Telegram. Полиция просит родителей не паниковать
Ол, сондай-ақ, бұл сыңайдағы ақпарат тек Қазақстан емес, Ресейде де таралып жатқанын хабарлады. Алайда, алаңдауға ешқандай негіз жоқ.
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті бар және басқа да құқық қорғау органдарының жіті бақылауында. Егер ешқандай қауіп төнбесе, ақпарат жалған болса, оқуды онлайн режимге ауыстыруға ешқандай негіз жоқ. Полиция қызметкерлері мен лицензияланған күзет қызметі бірлесіп қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Оқу орындары бейнабақылау, күзет, дабыл нүктелері, турникетпен қамтылған", – деді облыстық білім басқармасының басшысы.