Бүгін, 18 желтоқсан күні сағат 19:00-де Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында Алматы қаласының бас шыршасы салтанатты түрде жағылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мерекелік кеш аясында сағат 19:00-ден 20:30-ға дейін алматылықтар мен қала қонақтарына арнап арнайы дайындалған ауқымды шоу-бағдарлама ұсынылады. Сахнада Қазақстан эстрадасының танымал жұлдыздары өнер көрсетеді.
Атап айтқанда, кеш қонақтары Роза Рымбаева, "ЖІГІТТЕР" тобы, Әли Оқапов, "KeshYOU" тобы, Балжан Бидаш, Мәди Рымбаев, ASTRA тобы және Kodi орындаған әндерді тамашалай алады. Сонымен қатар Абай алаңында кішкентай көрермендер үшін Аяз Ата мен Ақшақар, сонымен қатар түрлі ертегі кейіпкерлері арнайы бағдарлама ұсынып, балаларға мерекелік көңіл күй сыйлайды.
Қала тұрғындары мен қонақтары Жаңа жыл қарсаңындағы бұл думанды кешке шақырылады.
USD:
515.7 / 518.3
EUR:
604.5 / 608.5
RUB:
6.43 / 6.55