USD: 475.3 / 478.3
  • EUR: 541.0 / 546.0
  • RUB: 5.91 / 6.03
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Роналдуның соңғы мундиалі аяқталды: Испания Португалияны жарыс жолынан шығарды

Фото: © Omar Vega / Contributor / Getty Images Sport / Gettyimages.ru
Фото: © Omar Vega / Contributor / Getty Images Sport / Gettyimages.ru
Әлем чемпионы атана алмаған Роналду көз жасына ерік берді.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалия құрамасы Испаниядан 0:1 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шықты. Матч аяқталғаннан кейін португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду көз жасына ерік берді.

Кездесудің жалғыз голын негізгі уақытқа қосылған бірінші минутта испаниялық Микель Мерино соқты. Роналду матчты негізгі құрамда бастап, ойын бойы үш рет қақпаға соққы жасап, 12 пас берді. Оның оны дәл жетті. Финалдық ысқырықтан кейін тәжірибелі шабуылшы алдымен қарсылас команда ойыншыларын құттықтап, кейін эмоциясын жасыра алмай, алаңда көзіне жас алды.

Бұған дейін 41 жастағы футболшы бұл әлем чемпионаты мансабындағы соңғы мундиаль болатынын айтқан еді. Алайда ол әзірге Португалия құрамасындағы халықаралық мансабын аяқтайтыны жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Роналду әлем чемпионатына алты рет қатысып, бұл көрсеткіш бойынша рекорд иелерінің бірі атанды. Ол алты бірдей мундиальда гол соққан тарихтағы жалғыз футболшы саналады. Биылғы турнирде үш голдың авторы болды.

Испаниямен өткен кездесу Роналду үшін ұлттық құрама сапындағы 233-матч болды. Осылайша ол бұл көрсеткіш бойынша өзіне тиесілі әлемдік рекордты жаңартты. Сондай-ақ ол ұлттық құрамалар тарихындағы ең үздік сұрмерген ретінде 146 голмен көш бастап тұр.

Роналду әлем чемпионы атана алмағанымен, Португалия құрамасымен бірге 2016 жылғы Еуропа чемпионатын және екі мәрте УЕФА Ұлттар лигасын жеңіп алған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау