Тікелей эфир

Рөлі оң жақтағы көліктерді Қазақстанға бөлшектеп әкелуге тыйым салынбақ

Бұл көліктерді елге әкелуге бұрыннан тыйым салынған. Енді бұл тыйым автомобиль кузовтарына да қатысты болады.

Қазақстан рөлі оң жақтағы көліктерді бөлшектеп әкелуге уақытша тыйым салуды жоспарлап отыр. Тиісті бұйрық жобасын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Индустриялық даму комитеті әзірледі.

Құжатқа сәйкес, Қазақстанға рөлі оң жақтағы көліктер мен олардың кузовтарын әкелуге тыйым салуды енгізу жоспарлануда. Тыйым салу уақыты – алты ай.

Жалпы Қазақстанда рөлі оң жақтағы көліктерді әкелуге 2007 жылдан бері тыйым салынған. ҚР Сыртқы істер министрлігі жаңа тыйым азаматтарға рөлі оң жақтағы көліктерді елге бөлшектеп, конструктор түрінде әкелуге мүмкіндік бермейтінін түсіндірді.

"Қазақстан Республикасының аумағына рөлі оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдерді (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН коды) 8703; 8703 21 109 1 қоспағанда 8703 21; 8703 22; 8703 23; 8703 24; 8703 31; 8703 32; 8703 33; 8703 40 109 қоспағанда 8703 40; 8703 50; 8703 60 109 қоспағанда 8703 60; 8703 70; 8703 80 000; 8703 90 00; 8706 00 910; сондай-ақ олардың шанақтары 8707 10 900 0; 8707 90 900 9 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", – деп жазылған құжатта.


Оқи отырыңыз: Шетелдік көліктерді заңдастырмаған жағдайда қандай жаза қолданылады?


Қоғамдық талқылау 2023 жылдың 13 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Серіктестер жаңалықтары