Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Риддер қаласының әкімі лауазымына Думан Рахметқалиев тағайындалды, деп хабарлады ШҚО әкімдігі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов қала активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Думан Рахметқалиев Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Ахмирово ауылының тумасы.
Прага халықаралық университетінде "Экономика" мамандығын, Қазақстан-Америка еркін университетін "Құқық магистрі" біліктілігі бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2011 жылы Өскемен қаласының "Теплоэнергоснаб" ЖШС экономисі қызметінен бастады.
Астана қаласы "Қазатомөнеркәсіп-Демеу" ЖШС-да, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Орман және аңшылық шаруашылығына жедел ден қою отрядында жұмыс істеді.
"Ертіс ӘКК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
2020 жылғы сәуір айынан бастап Шығыс Қазақстан облысының Қаржы басқармасын басқарды.
2023 жылғы сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі лауазымына тағайындалған.