Тікелей эфир

Республиканың алты өңірінде өрт көбейген. Басты себеп – қауіпсіздік талаптарын сақтамау

Үкімет басшысының айтуынша, өртке көп жағдайда қарапайым қауіпсіздік талаптарының бұзылуы себеп болады.

Жалпы республика бойынша өрт оқиғалары мен одан зардап шеккендер үлесі төмендеді. Дегенмен Абай, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облыстарында және елордада өрт оқиғаларының саны өскен, деді премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында.

Үкімет басшысының айтуынша, өртке көп жағдайда қарапайым қауіпсіздік талаптарының бұзылуы себеп болады.

"Осыған орай, қауіпсіздік талаптарын сақтауға, өрттің алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдау қажет. Инспекциялардың өкілеттіктерін күшейту бойынша жұмыс жүргізу керек. Адамдар анықталған бұзушылықтарды жоюға және болашақта олардың алдын алуға өздері мүдделі болуы тиіс", – деді Әлихан Смайлыов. 

Сонымен бірге премьер-министр автономды қазандықтарды тұрғын үйлерден қауіпсіз қашықтыққа шығару мәселесі осыған дейін бірнеше рет көтерілгенін айтып, өңір әкімдеріне тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.


Оқи отырыңыз:


 

 

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары