Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: shutterstock
Фото: shutterstock
Республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 458 техника мен 1 177 маман жұмылдырылды.

2025 жылғы 12 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша төрт облыстағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол". 

Ақтөбе облысы:

  • "Костанай-Рудный-Денисовка-Комсомольское-Карабутак" автожолының 5-199 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы-Әйке ауылы).

Шығыс Қазақстан облысы:

  • "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары" автожолының 6-166 шақырым аралығы (Ушановское ауылы-Алтай қаласы).

Қостанай облысы:

  • "Жезқазған-Арқалық-Петропавловск" автожолының 252-340 шақырым аралығы (Ұлытау облысы шекарасы-Арқалық қаласы).

Ұлытау облысы:

  • "Жезқазған-Арқалық-Петропавловск" автожолының 137-252 шақырым аралығы (Ұлытау ауылы-Қостанай облысы шекарасы).

Бұрын жабық болған Ақмола облысындағы "Астана -Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 856-917 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы - Жақсы ауылы) мен Солтүстік Қазақстан облысындағы "Астана -Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 795-856 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Рузаевка ауылы-Ақмола облысы шекарасы) жол ашылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 458 техника мен 1 177 маман жұмылдырылды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары