Respublica партиясы 23 тамызда өткен Құрылтай сайлауының қорытындысы бойынша депутаттық мандатқа ие болатын тоғыз кандидаттың тізімін бекітті. Олардың бесеуі Мәжілістің VIII шақырылымында депутат болса, төрт кандидат Құрылтайға алғаш рет сайланбақ.
Respublica партиясы Құрылтайдағы фракциясының жаңа құрамын жариялады. Партияның мәліметінше, жаңа құрамда парламенттік тәжірибенің сабақтастығы мен команданың жаңаруы қатар ескерілген.
Құрылтайдағы Respublica фракциясының құрамына мына кандидаттар кіреді:
- Бекжан Айтқұлов — партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облысы мәслихатының VII–VIII шақырылымдарының депутаты;
- Руслан Идрисов — кәсіпкер, Global Food ЖШС құрылтайшысы, Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымының депутаты;
- Мейрхат Қасымбаев — кәсіпкер, «Capital Road Construction» ЖШС байқау кеңесінің төрағасы;
- Олжас Құспеков — Respublica партиясы төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты;
- Динара Наумова — ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі;
- Екатерина Смолякова — ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты;
- Нұргүл Тау — ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты;
- Махамбет Хасенов — Special Oil Projects компаниясы мен «Альмерек» мұнай базасының құрылтайшысы әрі бас директоры, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы;
- Айдарбек Қожаназаров — Respublica партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты, Парламенттегі партия фракциясының жетекшісі.
Осылайша, партияның Құрылтайдағы фракциясы тоғыз депутаттан тұрады. Олардың бесеуі бұған дейін Мәжілістің VIII шақырылымында жұмыс істеген, ал қалған төрт өкіл Құрылтайда депутаттық қызметін алғаш рет атқарады.