Тікелей эфир

Ресейдегі бас бостандығынан айырылған қазақстандықтар соғысқа жіберіле ме? ҚР СІМ жауабы

Ведомствоның ресми өкілі тұтқындарды соғысқа мәжбүрлеп апару фактілері жоқ екенін айтты.

Ресей түрмелерінде жазасын өтеп жатқан қазақстандық бірде-бір азамат Украинадағы соғысқа жіберілмеді. Бұл туралы Астанада өткен брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

"Интернетте Ресей түрмелерінде жатқан немесе тергеуде жатқан Қазақстан азаматтарын Украинаға қарсы әскери операцияларға күшпен алып жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл шындыққа жанаспайды. Ресей түрмелерінде Жазасын өтеп жатқан немесе тергеуде жүрген бірде-бір қазақстандық азаматтың әскери қимылдарға қатысқан жоқ. Мен оған кепілдік бере аламын", – деді Смадияров.

Бірақ Сыртқы істер министрлігі қателесіп соғысқа баруды жоспарлаған қазақстандықтар бар екенін атап өтті. Олардың саны 10 шақты, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

"Қазақстанның 10-ға жуық азаматы тексеріліп жатқаны туралы фактілер бар, бірақ біздегі мәліметтер бойынша олар Telegram арналары мен әлеуметтік желілерде жұмыс тауыпты. Біз олармен бірнеше рет байланысқа шықтық. Консул оларға бірнеше рет барып, жеке кездесіп, оларға тағылған барлық айыптардың заңдылығын қадағалап отыр. Консулдық-құқықтық көмек көрсетеді", – деді ведомствоның ресми өкілі.


Оқи отырыңыз: "Жақсы жанжалдан жаман татулық артық". Тоқаев Украина мен Ресей шиеленісі туралы


Смадияров қазақстандықтарға әлеуметтік желілерде жарияланған бос жұмыс орындары туралы ақпаратты тексеру маңызды екенін еске салды.

Серіктестер жаңалықтары