Ресей FaceTime қызметін бұғаттай бастады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бұл сервисті қолданушылардың кейбірі ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірген.

Ресейде Apple компаниясының бейне және аудиоқоңырауларға арналған FaceTime сервисі бұғатталды. Бұл туралы ixbt.com хабарлады. 

Оған себеп – кейбір қолданушылардың FaceTime қызметін пайдалана отырып, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін әрекетте жасауы себеп болған. 

"Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, FaceTime сервисі ел аумағында террористік әрекеттерді ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ олардың орындаушыларын вербовка жасау үшін пайдаланылған. Сонымен бірге ол алаяқтық және азаматтарға қарсы басқа да қылмыстарда қолданылған. Осыған байланысты ведомство FaceTime-ге қатысты шектеу шараларын енгізеді", – делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, FaceTime – Apple экожүйесіне арналған бейне және аудиоқоңырау сервисі. Ол iPhone, iPad және Mac құрылғыларында жұмыс істейді және интернет арқылы жеке немесе топтық қоңырауларды орындауға мүмкіндік береді. Ресейде қолданушылар бұл сервистің қызметі дұрыс жұмыс істемей бастағанына бірнеше айдан бері шағымданған. Ал енді олар үшін бұл сервис мүлде қолжетімсіз болады. 

Айта кетейік, бұған дейін Ресей Roblox ойын платформасын да бұғаттаған болатын. 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз