Тікелей эфир

Референдумда дауыс бергендер саны 6 миллионнан асты

Дауыс беруде ең белсенді өңір – Қызылорда облысы.

Орталық референдум комиссиясы референдумға қатысушылардың саны бойынша жаңа мәліметті жария етті. Оған сәйкес, қазақстандық дауыс берушілердің 53 пайыздан астамы өз таңдауын жасап үлгерген.

Ереже бойынша, егер қатысушылардың 50 пайыздан астамы дауыс берсе, референдум өткізілді деп танылады. Сәйкесінше, бұл рферендумның заңды өткенінің бір белгісі. 

Инфографика: Орталық референдум комиссиясы

Референдумға 11 миллионнан астам қазақстандық қатыса алады.

Қазақстан азаматы ЖСН нөмірі арқылы өзінің учаскесін таба алады. Ал табылмаған жағдайда, ақпарат ресурсының соңында әкімдіктердің call орталығының тізімі шығады. Солардың біріне хабарласып, қайда барып дауыс беру керегін білуге болады.
Референдумға қатысушыларға бір ғана сұрақ қойылады. Ол – "2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Конституцияға өзгертулер мен толықтырулармен келісесіз бе?".

Өзгерістер топтамасын қолдап, не қарсы болып жауап беруге болады. Егер қатысушылардың 50 пайыздан астамы дауыс берсе, референдум өткізілді деп танылады. Ал өзгертулерді қабылдау үшін референдум қатысушыларының 50 пайыздан астамы қолдап дауыс беруі керек.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары