Тікелей эфир

Референдум күні Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Алматы қаласында жауын-шашын болмайды.

Жексенбі, 5 маусым, күні республиканың шығысы мен орталығында найзағай ойнап, жел күшейеді. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлады "Қазгидромет".

Батыста ауа температурасы – 22-33, оңтүстік-батыста – 29-37, солтүстік-батыста 15-25-тен 20-33-ке дейін жылы болады. Ал солтүстік, шығыс, және орталықта күндіз сынап бағанасы 15-26 градусты көрсетеді. Республиканың оңтүстігінде – 27-37 градус, ал оңтүстік-шығыста 22-32 градус жылы болады.


Оқи отырыңыз: Алматыда референдум күні көлік тұрағы тегін болады


5 маусым күні Алматы қаласында күндіз ауа райы 22-24 градусқа дейін көтеріледі. Жауын-шашын жаумайды. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы 10-12 градус шамасында болады. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метрге дейін жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз жаңбыр жауып, ауа температурасы 17-19 градус шамасында болады. Түнде жаңбыр жауып, ауа температурасы 5-7 градусқа дейін төмендейді, ал жел жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді.

Шымкент қаласында күндіз ауа температурасы 30-35 градусқа дейін көтеріліп, таулы аудандарда сынап бағанасы +25 градусты көрсетеді. Ал түнде ауа райы 12-17 градусқа дейін суытып, таулы аудандарда +7 °C болады. Жел жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Күндіз және түнде жауын-шашын болмайды деп болжанып отыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары