Бір ерекшелігі отау құрған азаматтың мамандығы – энергетик. Мұрат – Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы, ал Гүлзинат – Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде еңбек еткен кезде басталыпты. Екі жас екі жылдан астам уақыт бірге жүріп, дәл осы референдум күні некелерін қидыруға бекініпті.
Бір қызығы, тойды жоспарлаған кезде олар бұл күн маңызды оқиға – атом электр станциясының құрылысы бойынша референдуммен сәйкес келетінін білмеді. Отау құрған жастар той алдында алдымен референдумға арнайы келген.
"Біздің шаңырақ көтеруіміз осындай айтулы датамен тұспа-тұс келгеніне өте қуаныштымыз. 5-10 жыл өткеннен кейін сайлау күні шаңырақ көтерген едік деп еске алып отыратын шығармыз. Референдумда дауыс беру – Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың міндетті, парызы деп есептеймін. Себебі, бұл біздің мемлекетіміздің болашағының кепілі", – дейді жас жұбайлар.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін қалада 130 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде – 14 жабық сайлау учаскесі.
Жабық сайлау учаскелері – қандай да бір себептермен жалпы сайлау учаскелеріне келе алмайтын және әскери бөлімдерде, ауруханаларда, құқық қорғау органдарының мекемелеріндегі және тағы басқа азаматтар үшін жұмыс істейді.
Жалпы Орал қаласындағы сайлаушылар тізіміне 444 428 мыңнан астам адам енгізілген.