Тікелей эфир

"Рақмет, аға". Алматыда ер адам өзенге құлаған баланы құтқарып қалды

Бала лас суды көп жұтып қойған.

Алматыда ер адам өзенге құлаған баланы аман алып қалды. Құтқарылған сәттің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. 

Оқиға 27 қазан күні болған. Ер адам күннен қорғайтын көзілдірігі мен сөмкесін шешпестен баланы құтқару үшін суға секірген. Бейнежазбадан аман қалған баланың "рақмет, аға" деп айтқанын естуге болады.

Ер адамның сөзіне қарағанда, бала лас суды көп жұтып қойған.

"Барлығыңызға рақмет! Сіздерге де Алланың нұры жаусын! Менің орнымда басқа бір адам болғанда да осылай жәрдем беріп, батып жатқан бүлдіршінге алғашқы көмегін беріп, қолынан келгенін аямайтыны анық", – деп жазды құтқарушының өзі.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары