USD: 467.7 / 470.1
  • EUR: 534.0 / 539.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Рамазан айында миллионнан астам адам көмек алды

Ораза кезінде 15 мұқтаж отбасы баспаналы болған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, "Зекет және қайырымдылық" қоры Рамазан айында жомарт жандардың демеуімен бірқатар іс-шара атқарған. Қор және өкілдіктердің ұйымдастыруымен Рамазан айында 6 476 қайырымдылық іс-шарасы атқарылса, "Қолдан – қолға" жобасы аясында 4 865 адамға қаржылай зекет берілді. Барлық жоба бойынша бір айда 1 015 610 адамға қайырымдылық көмек көрсетілген.

"Ел үлесі – пәтерге" қайырымдылық акциясы бойынша 15 мұқтаж отбасыға 15 үйдің кілті берілді.

Науқас жандарды, әсіресе ауыр сырқатқа шалдыққан сәбилерді қолдау мақсатында "Өмірге үміт сыйла" және "Үміт сыйла сәбиге" акциялары аясында өтініш білдірген 2 102 адам еміне көмек алды.


Оқи отырыңыз: Садақаны кімге, қалай берген дұрыс? Нысап, күпірлік және садақаның байланысы


Одан бөлек әлеуметтік желілерде жарияланған бір көзін зақымдап алған 9 жасар Диананың өтініші ескеріліп, оған Түркия мемлекетінде ота жасауға қаржылай көмек берілді. Сонымен бірге Мүмкіндігі шектеулі 11 балаға қолданысына қажетті заттар алып берілсе, Зағиптар қоғамының өтініші бойынша "шоудаун" теннис үстеліне көмек көрсетілді.

Атқарылған шаралардың толық тізімін осы жерден қарауға болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау