Қызылордада жекеменшік мектеп мұғалімдерінің айтуынша, осы күнге дейін мемлекеттік тапсырыс бойынша бюджеттен мүлдем қаржы аударылмаған. Соның себебінен барлық қызметкер табысынан айырылып, білім ұясының коммуналдық қарызы көбейген, деп хабарлайды "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
"Қазір инфляцияның қалай өсіп жатқанын біліп тұрсыз. Үш айлық қиыншылық бүкіл отбасына зардабын тигізіп отыр. Менен басқа да жас мамандар бар. Әрқайсының отбасы, балалары, ипотека, кредиттері бар", – деді тарих пәнінің мұғалімі Светлана Оразбаева.
Оқи отырыңыз: Ауыл мұғалімдерінің табысы қалаға қарағанда 25 пайыз жоғары. Орташа жалақы қанша
Білім ұясында балалар тегін оқиды. Яғни мемлекет қазынасынан қаржыландырылады. Ал ұстаздар қаражат тоқтаса да, жекеменшік мектептегі 630 оқушының қамы үшін жұмыс істеуге мәжбүрміз дейді.
"Ұстаз мәртебесі" деген заң бар. Бірақ қазір ол жекеменшік мектеп ұстаздарының құқығын қорғап тұрған жоқ. Ол тек мемлекеттік білім ұяларына қатысты секілді. Біз соған ашуланамыз. Өйткені біздің еңбек құқығымыз тапталып жатыр", – қызметкерлерді басқару менеджері Айнұр Батырбекова.
Мұғалімдердің айтуынша, білім ұясының қызметкерлерге үш айдан бергі қарызы 70 миллион теңгеден асқан. Одан бөлек жарық, су секілді коммуналдық төлемдерге де берешегі бар. Ал мектеп басшыларының айтуынша, өздері де келісімшарттағы қаражатын сұрап жауапты шенеуніктердің бәріне шағымданған. Алайда нәтиже жоқ.
"Министрлікке, әкімдікке жаздым. Бірақ дәл қазір ешқандай жауап алған жоқпын. Кім кінәлі, кімнен қаржы жоқ мен білмеймін. Мен тек сұраймын", – деді "МАНСАП" жекеменшік мектебінің директоры Диляра Кәрімова.
Оқи отырыңыз: Мұғалімдердің жалақысы үш есе өсті – мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов
Аймақтағы білім саласына жауапты басқарма өкілдері жалақы мәселесінің бізге қатысы жоқ деп отыр. Сондықтан ақысын талап еткен педагогтар оқу-ағарту министрінен көмек сұрайды.
USD:
506.5 / 509.5
EUR:
590.0 / 595.0
RUB:
6.47 / 6.59