Тікелей эфир

Қызылордада қоқыс басқан шағын көлдерден шыққан жағымсыз иіс түрлі ауру тудырып отыр

Жекеменшік жер телімдерінде орналасқан көлдерді жою мәселесі бүгінде сот қарауында.

Қызылорда қаласының тұрғындары жер асты суларынан пайда болған шағын көлдерден шығатын жағымсыз иіске тұншығып келеді. Бұл көлдер жекеменшік жер телімдерінде орналасқандықтан, жергілікті әкімдік құзыреті жүрмейді. Ал бұл уақытта жағымсыз иіс қала тұрғындарында түрлі ауру-сырқаудың қозуына әкеліп отыр, деп хабарлайды 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Шағын көлдердің жағымсыз исі жаздыгүні 2-3 шақырымға дейін тарайды.

"Басқалар карантин кезінде маска тағуды үйренсе, біз оған дейін де тағатынбыз. Себебі, сасық иіс денсаулыққа зиян. Тіпті, үйге қонақ шақыра алмаймыз", – дейді қала тұрғыны Нұргүл Нұрғалиева.

Ал қалалық әкімдік өкілдері көлдер жекеменшік жерде орналасқандықтан, көміп тастауға құзыреті жоғын мәлімдеп отыр.

"Сол аумақта тұратын тұрғындардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі, тыныс алуы, денсаулығына зиян келтіріп отыр. Осыған байланысты біз Жер кодексінің талаптарын ескере отырып, жер иелеріне ескерту парақтарын ұсындық. Дегенмен меншік иелері ескертуді назардан тыс қалдыруына байланысты олар Жер кодексінің 167-бабына сәйкес сотқа берілді", – дейді Қызылорда қалалық жер қатынастар бөлімінің сектор меңгерушісі Ғанибек Омаров.

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары