Тікелей эфир

Қызылордада мердігерлер ескі үйлердің көше жақ қабырғасын сәндеп, аулаға қараған тұсын сол күйі қалдырған

Ескірген 28 көпқабатты үйдің сыртын қаптауға 1 миллиард теңгеден аса қаражат жұмсалған.

Қызылордада мердігерлер ескі үйлердің көше жақ қабырғасын сәндеп, аулаға қараған тұсын сол күйі қалдырып кеткен. Яғни әбден тозығы жетіп опырылып қалған сылақтар мен құлаған кірпіштерді сол баспананың тұрғындары ғана көре алады. Ал көшеден өткендерге көрікті панельмен көмкерілген көркем баспана көрінеді,– деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдаралмасы. 

Мұндай шала іске нұсқау берген шенеуніктерге көпшіліктің өкпесі қара қазандай. Одан гөрі сасық иісті жертөле мен шаңы бұрқыраған ауламызды жөндеп бергені дұрыс еді, дейді.


Оқи отырыңыз: Қызылордада оқушылар бұрынғы түрме ғимаратында оқып жатыр. Жаңа мектеп салынуы тиіс жерлер кәсіпкерлердің меншігінде


Расымен қала басшылары солай шешіпті. Олар көпқабатты үйлердің сырт көзге ғана көрікті болған дұрыс деп санайды. Айтуларынша, бұл жұмыстар демеушілердің көмегі арқылы жүзеге асырылып жатыр.

"Қаншама қонақ келеді. Келіп-кеткеннен кейін осы орталық көшелердің қасбетін жасау қажет деп есептеймін. Тұрғындар тарапынан үйдің сыртын істемеді, крышасын істесін, подвалын істесін дейді оның барлығы тұрғындардың өз есебінен жасалатын жұмыстар ғой. Айта кетейік, ескірген 28 көпқабатты үйдің сыртын қаптауға жеке кәсіпкерлер 1 миллиард теңгеден аса қаражат жұмсаған", – деді Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай.


Оқи отырыңыз: Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды


 

Серіктестер жаңалықтары