
Өткен жылы 150 жаңа көлік сатып алынса, биыл тағы 150 автобусқа тапсырыс берілген.
Қызылорда қаласындағы жолаушылар тасымалындағы түйткілдерге байланысты нақты шаралар қолға алынып, аймақ басшысының тікелей қолдауымен заманауи үлгідегі автобустар алынғаны белгілі. Өткен жылдың өзінде қалаға 150 дана жаңа транспорт келіп, бұл қызметтің жұмысы жолға қойыла бастады. Дегенмен, облыс орталығындағы қоғамдық көліктердің қызметін жүйелеу үшін биыл тағы 150 дана автобус алуға тапсырыс берілді. Бүгінде оның алғашқы легі қалаға жеткізіліп, бағыттарға қосылды.
"Бұл автобустардың сыйымдылығы өткен жылы әкелінген көліктерден үлкен. Барлық талаптарға жауап бере алады. Транспорт – салқындатқыш, қауіпсіздік құрылғылары және бейнекамералармен қамтылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы мінгізу мен түсіру аппараттары бар. Сонымен қатар, жолаушыларға, оның ішінде оқушыларға қажетті ақпараттар алуға арналған QR-код орналастырылған", – деді "Қызылорда автобус паркі" ЖШС директоры Мақсат Жүсіп.
Күнделікті тасымалға бекітілген кестеге сәйкес 200-ден астам автобус шығады. Алдағы уақытта қала ішілік 34 бағытты толықтай үлкен сыйымдылықтағы автобустармен қамту жоспарлануда. Жолаушылар қоғамдық көліктердің аялдамаға келуін 2gis, Яндекс GO және "Яндекс Карта" ұялы қосымшалары арқылы көре алады.
"Жұмысыма, тұрмыстағы кейбір тіршіліктеріме қоғамдық көлікпен барамын. Автобустар кең, жылы, таза. Қолма қол төлемнің 130 теңге болатындығы алдын ала ескертілді. Сондықтан онлайн төлем жасауды үйреніп алдым. Карта аштырып, өзіме және балаларыма ақшасын енгіздім. Қазір өте тиімді әрі қолайлы. Өйткені, сөмке ақтарып, ақша іздеп жатпаймын, карта арқылы 85 теңге төлеп түсе беремін", – деді қала тұрғыны Зейнеш Айтхожаева.
Айта кету керек, осы жылдың 9 қыркүйегінен бастап үлкен сыйымдылықтағы бағыттарда сараланған тариф бойынша қолма-қол жол ақысы – 130 теңге, электронды төлем – 85 теңге, оқушыларға – 40 теңгемен бекітілді. Электронды түрде төлем жасаудың 8 түрі ұсынылды. Олар: SMS, QR код, ұялы қосымша, көлік және банктік карталарды қолданатын ұялы байланыс операторлары. Бұл арқылы жолаушылардың электорынды төлем жасауы 90 пайызды құрады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ыстықкөлде фейерверк тиелген жүк көлігі өртеніп кетті
-
274
-
0
-
0
-
-
2🌨⛄️Қазақстан қашан ақ қарға оранады
-
289
-
0
-
3
-
-
3😳 Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі арнайы күзет қызметінің бақылауына өтеді
-
289
-
0
-
5
-
-
4⚡️Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты
-
225
-
0
-
3
-
-
5⚡️ Супермарафоншы Марат Жыланбаев жеті жылға сотталды
-
208
-
0
-
2
-
-
6⚡️ 13 адамның өлімі: Алматыдағы хостелде көбіне шетелдіктер тұрған
-
207
-
0
-
0
-
-
7Алматыдағы өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды
-
189
-
0
-
0
-
-
8Білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша заң жобасына қатысты Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың сұрағы.
-
191
-
0
-
0
-
-
9Хостелдегі өрт: Ғимараттың кімге тиесілі екені белгілі болды
-
174
-
0
-
1
-
-
10🔹️ “Браконьер” іс-шарасы: 100-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық анықталды
-
144
-
0
-
0
-