Тұрғындар бірнеше мәрте облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықовадан көмек сұрап келгенін айтады.
Қызылорда облысындағы Үшінші интернационал ауылының тұрғындары жерінің қайтарылуын талап етіп, бас көтерді. Айтуларынша, үш жылдан бері кәсіпкер ауыл тұрғындарына тиесілі шаруа қожалығын заңсыз иеленіп алған. Соның салдарынан қара халық егін еге алмай отыр, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы.
"Заңсыз құжат пен протокол жасап мекемемізді иеленген. 3 жылдан бері мекемемізді қайтара алмай жүрміз. Сотта жеңіп шықсақ та, қайтармай жатыр. Оған биліктегілер көмектесіп отыр. 35 арыз жаздық", – деді үлескер Алтай Мұсаханов.
Бұдан өзге тұрғындар бірнеше мәрте облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықовадан көмек сұрап келгенін айтады. Алайда әкім бірде-бір рет алдымызға шығып, мұң-мұқтажымызды тыңдамады, деп отыр.
"Бұл жеке шаруашылық болғандықтан, өздері жалпы жиналыс жасап, мәселені сол жерде шешуі тиіс. Үлескер саны 50%-дан жоғары болса, жиналыс заңды болып саналады. Директор таңдап, әрі қарай жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар", – деді Қызылорда облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Медет Усаинов.
Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында Роза Бағланова мен Жалаңтөс батырға ескерткіш қойылады
Ал тұрғындар кетуін талап етіп отырған кәсіпкер шаруа қожалығына бұған дейін өзі инвестиция салып келгенін айтады. Сондай-ақ, серіктестіктің қарызын төлеп берген. Сөзінше ІІІ интернационал ауылында мүлдем жекеменшік жер жоқ. Ал төрағалықтан қазір кетуге дайын.
"Қандай жұмыс жасап отыр едім, бұлар кедергі болды. Мен кетемін деп шешім қабылдадым. Жерді де, басқаны да алсын. Бірақ, халыққа обал", – деді "Абай-Дәулет" ЖШС директоры Мұрат Сәрсенбаев.
Қызылорда облысының аудандарында жалпы жер дауы соңғы бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Қарапайым тұрғындардың көбі жалға алған жерін дәулеттілер иемденіп алғанына наразылық білдіріп жүр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1💵 "Бірнеше айға созылып кетеді". Асхат Аймағамбетов әлеуметтік саладағы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сынға алды
-
255
-
0
-
1
-
-
2💰 Еңбек министрлігі ең төменгі жалақыны айқындау әдістемесін өзгертпек
-
267
-
0
-
0
-
-
3🐶 Тазы мен төбеттің қазақы ит тұқымдары екенін халықаралық тұрғыда ресми бекіту қажет – Кинологтар одағы
-
251
-
0
-
2
-
-
4🚧 Сарапшы: 2030 жылы сұранысқа ие болатын жұмыс орындарының 85%-ы әлі пайда болмады
-
249
-
0
-
0
-
-
5✈️ "Агенттік жауапкершілікке тарту тәртібін бұзды". Air Astana айыппұлға қатысты сот шешіміне шағым түсіреді
-
243
-
1
-
0
-
-
6🦠 Сібір жарасы: Жамбыл облысындағы бір ауыл карантинге жабылды
-
234
-
0
-
0
-
-
7⚡️Қазақстан электр энергиясын Түркия мен Еуропаға экспорттауды жоспарлап отыр
-
228
-
0
-
1
-
-
8💸 Шенеуніктер үшін табысын жариялау міндеті 2025 жылға шегерілді
-
222
-
0
-
0
-
-
9🛍 Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі рейтингінде 113 елдің арасында 32-ші орында
-
226
-
0
-
0
-
-
10🚬 Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекінің бағасы көтеріледі
-
258
-
0
-
0
-