Тікелей эфир

Қызылорда облысында жол мен су құбыры құрылысының неге ұзап кеткені тексерілмек

Жолға қатысты келісімшарттың құны 2,69 миллиард теңгені құрайды.

Қызылорда облысында екі бюджет қаражаты жымқырылған болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметі. 

Желіде облыс тұрғындарының 2020 жылдың қазан айында қайта жаңарту басталған Қазалы ауданы аумағындағы "Қазалы – Әйтеке би" автокөлік жолының аяқталуы ұзап кеткеніне наразы екені жазылды. 

"Жолға қатысты келісімшарттың құны 2,69 миллиард теңгені құрайды. Осы соманың 71 пайызы игерілген. Талдау жұмыстары кезінде жалпы сомасы 456,4 млн теңгеге жалған шот-фактура жазу арқылы бюджет қаражатын ұрлау тәуекелі анықталды. Департамент ары қарай мән-жайды анықтау жұмыстарын жалғастыратын болады", – деді департамент ресми өкілі Аслан Кеңес. 


Оқи отырыңыз: Түркістан облысында жемқорлардан тәркіленген ақшаға 20 мектеп салынады


Сондай-ақ ведомство Арал ауданына қарасты Тоқабай, Абай елдімекендерін сумен жабдықтау және Арал – Тоқабай топтық су құбырының Арал – Тоқабай – Абай қосылу тармағының құрылысы (бастапқы жобаның құны – 3,22 млрд теңге), Қазалы ауданының Байқожа топтық су құбырын сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту жұмыстарына (жобаның құны – 2,2 млрд теңге) талдау жүргізген.

"Осы талдаудың нәтижесінде 655,6 млн теңгеге бюджет қаражатын жымқыру тәуекелі анықталды", – деп қосты Аслан Кенес. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары