Қызылорда облысында ірі есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
Есірткі шамамен 20 миллион теңгеге бағаланды.

Қызылорда облысында ірі есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Самара – Шымкент М-32 тасжолында ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің полицейлері Байқоңыр қаласында жылдамдық режимін бұзған Hyundai автокөлігін тоқтатты.

"Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан төрт үлкен полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті зат анықталып, айғақ зат ретінде алынды. Сараптама қорытындысымен алынған зат 19 кг 530 гр. кептірілген марихуана екендігі нақтыланды. Есірткі шамамен 20 миллион теңгеге бағаланды", – делінген хабарламада.

Автокөлікті тізгіндеген 51 жастағы жүргізуші Байқоңыр қаласының тұрғыны болып шықты.  

Күдіктіге қатысты сот санкциясымен екі ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз