
Сәуірден бастап мектептің бұл бөлігіндегі сыныптар босатылған.
Қызылорда облысының Қазалы ауданына қарасты Жанқожа батыр ауылындағы жалғыз мектептің іргетасы отырып, қабырғалары сөгіліп жатыр. Мұғалімдердің айтуынша, 1984 жылы пайдалануға берілген ғимарат әу бастан сапасыз болған. Жер асты суларының әсерінен мектеп іргетасы шөгіп, жертөлесі дым тартады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
"Балаларда үрей бар. Мектеп ішінде жүргенде қабырғалар қозғалып тұрғандай көрінетінін айтады. Ата-аналар олардың ар жағында үрейленеді", – дейді мектеп мұғалімі Ахмедия Төлешов.
Ұстаздар ұжымы ғимараттың едені төменге опырылып түсуі мүмкін екенін айтып дабыл қағып отыр. Алайда мектеп басшысының пікірі мүлде басқаша. Ол ғимаратты қауіпті деп санамайды.
Оқи отырыңыз: Ата-аналар жазғы мектепке неге қарсы?
"Маман емеспін, бірақ мектеп ғимаратын қауіпті деп айта алмаймын. Қабырғаның жарықтарынан бөтен өзгерістер көріп тұрған жоқпын", – дейді мектеп директоры Алик Тілеуімбетов.
Төртінші тоқсаннан бастап мектептің қабырғалары қатты сөгілген бөлігінде балаларды оқытпайтын болған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚘 "Бірнеше жол апатына себеп болды". Қызылорда облысының тұрғындары қалаға аса қауіпті жолмен қатынап жүр
-
323
-
0
-
1
-
-
2🇰🇿 Қазақстанға оралған қандастар қай өңірге жиі қоныстанады?
-
294
-
0
-
0
-
-
3🌊 Жыл басынан бері 45 адам суға батып кеткен, оның 14-і – балалар
-
273
-
0
-
0
-
-
4👮♂️ Азаптау фактісі: Күштік органдардың 39 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылады
-
265
-
0
-
2
-
-
5Этникалық қазақтарға арналған "Ата жолы" картасы шілде айында іске қосылады
-
259
-
0
-
2
-
-
6👨👩👧👧🚫 Қазақстанда жұптар қандай себеппен жиі ажырасады?
-
298
-
0
-
0
-
-
7🏇 Ұлы дода: Көкпардан үш лигадан тұратын ел чемпионаты өтеді
-
282
-
0
-
0
-
-
8🏆 Astana Musical театры Кореяда өткен халықаралық фестивальде екі номинация жеңіп алды
-
321
-
0
-
0
-
-
9👦💵 Күтуші, курьер, промоутер. Жасөспірімдер жазда жұмыс істегені үшін қанша жалақы алады?
-
318
-
0
-
0
-
-
10📚 "Шұғылалы ертегілер": Астанада заманауи ертегілер кітабының тұсаукесері өтті
-
262
-
0
-
0
-