Тікелей эфир

Қызылорда мен Ақтөбе арасындағы жол қашан бірінші санатқа ауысады

Бұл жұмыстар Көлік логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында қарастырылған.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында Ақтөбе мен Қызылорда қаласын жалғайтын жолдың сапасына қатысты жауап берді. 

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Көлік логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылғы дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде Ресей Федерациясы шекарасы – Мәртұқ – Ақтөбе, Ұлғайсын – Қызылорда учаскелерін реконструкциялау көзделген. 

"Осылайша, 2030 жылға дейін Қызылорда қаласынан Ақтөбе қаласына дейінгі жол учаскелерін Ұлғайсын және Қарабұтақ елді мекендері арқылы бірінші техникалық санатқа ауыстыра отырып, Самара – Шымкент жолын реконструкциялау жоспарланған", – деді Роман Скляр.


Оқи отырыңыз: Қызылордадан Ақтөбе облысына дейінгі жол енді ақылы болады


Үкімет өкілінің жауабынша, биылғы 15 сәуірден бастап кешенді мақсатты бағдарлама шеңберінде ақауларды жою және қауіпсіздікті арттыру бойынша жұмыстар басталды, онда 35 мың шаршы метр шұңқырларды жөндеу, 50 мың м жарықтарды құю, 600 дана жол белгілерін және 10 дана панно орнату және ауыстыру және басқа да жұмыс түрлері қарастырылған. 

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы Ақтөбе облысында жалпы ұзындығы 23 км Самара-Шымкент автожолының және ұзындығы 85 км Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз автожолының учаскелерінде орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда. 

Самара – Шымкент автомобиль жолының учаскесіне ағымдағы жөндеу жүргізуге қосымша 900 млн теңге бөлінген.

Еске салайық, Шымкент – Самара автомобиль жолы ІІ санатты жолға жатады.

Серіктестер жаңалықтары