USD: 486.5 / 489.3
  • EUR: 565.0 / 570.0
  • RUB: 6.55 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қытайлық бренд жасанды интеллектке негізделген жаңа смартфон ұсынды

Фото: Honor.com
Фото: Honor.com
Смартфонның операциялық жүйесіне жасанды интеллект мүмкіндіктері қосылған.

Honor бренді жасанды интеллект жүйесі бар X8c моделін таныстырды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 

Смартфон Android 15 негізіндегі MagicOS 9.0 операциялық жүйесімен жұмыс істейді және оның басты ерекшелігі – жүйеге АІ біріктірілген. 

"Жасанды интеллект пайдаланушының өмір салты мен әдеттеріне бейімделіп, күнделікті тапсырмаларды орындау тәсілін өзгертеді. MagicOS 9.0 жаңартылған нұсқасы смартфонмен жұмысты әлдеқайда әсерлі етіп, тапсырмаларды орындауды жылдамдатады және танымал қызметтер мен қолданбалармен өзара әрекеттесуді жеңілдетеді", – делінген ресми хабарламада. 

Жасанды интеллектке негізделген жаңа қызметтердің бірі Magic Portal аталса, екіншісі – Magic Capsule. 

Magic Portal жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, пайдаланушы хабарламалары мен ниеттерін талдайды және оларды автоматты түрде қажетті қолданбаларға бағыттайды. Мысалы, егер хабарламада мекенжай көрсетілсе, жүйе оны бірден картада ашып бере алады. Ал Magic Capsule динамикалық хабарландырулар арқылы пайдаланушыларға қажетсіз әрекеттерге уақыт жоғалтпай, тапсырмаларды бірден басқаруға мүмкіндік береді.  Яғни хабарламаларға лезде жауап беру, қолданбалар арасында ауысу, музыканы басқару немесе маңызды жаңартуларды қабылдау секілді қызметтер бар. 


Оқи отырыңыз: ChatGPT, DeepSeek, Gemini. Жасанды интеллект бәсекесінде кімнің бәсі жоғары


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз