Қазақстанда Қытайдан контрабандалық жолмен жеткізілетін тауық еті күрт көбейген. Бұл туралы Құс өсірушілер одағының өкілдері мәлімдеп, жағдайды дереу бақылауға алуды сұрап отыр. Олардың айтуынша, шекара арқылы күмәнді құс еті тоқтаусыз өтіп, ішкі нарыққа кеңінен таралуда.
Мамандардың бұлай алаңдауына негіз бар. Қытайда бірқатар өңірлерінде құс тұмауы тіркеліп, осыған байланысты Қазақстан бұл елден құс өнімдерін импорттауға 15 жылдық тыйым салған еді. Соған қарамастан, кәсіпкерлер түрлі айлаға барып, құжаттарға басқа тауар түрін көрсетіп, тауық етін елге заңсыз енгізіп жатқаны айтылды.
Жақында шекарашылардың қырағылығының арқасында 42 тоннадан астам күмәнді ет партиясы кері қайтарылған. Алайда, бұл – анықталған жалғыз ғана факті. Құс өсірушілердің сөзінше, еш кедергісіз өтіп жатқан өнім көлемін нақты айту мүмкін емес. Демек, елдегі дүкендер мен сауда орындарында мұндай тауардың қаптап кету қаупі жоғары.
Оқи отырыңыз: Оралда тұрғындар жылу үшін 3,4 млн теңге артық төлеген
Сала өкілдері заңсыз өнімнің тек экономикалық тапшылық емес, сонымен бірге денсаулыққа елеулі қауіп төндіретінін ескертеді. Сондықтан олар мемлекеттік органдарды қадағалауды күшейтіп, аталған мәселені ерекше бақылауға алуға шақырып отыр.
USD:
522.3 / 524.9
EUR:
612.5 / 617.5
RUB:
6.49 / 6.61