Қытайдың Чанчунь қаласында өтіп жатқан төртінші халықаралық авиация және аэроғарыш көрмесіне дайындық кезінде XPeng AeroHT компаниясының екі eVTOL ұшатын көлігі апатқа ұшырады, деп хабарлайды Sina Finance.
Алдын ала мәліметке сәйкес, жаттығу кезінде аппараттар бір-біріне тым жақын ұшқан. Салдарынан олардың бірі жерге қалыпты жағдайда қонса, екіншісі зақымданып, өртеніп кеткен. Оқиға кезінде бір жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы тұрақты деп бағалануда. Жердегі адамдар зардап шеккен жоқ.
Апатқа түскен ұшатын құрылғылар – XPeng AeroHT әзірлеген eVTOL үлгілері. Олар қалалық әуе қатынасына бейімделген, 2-4 жолаушыны 30-60 минут аралығында тасымалдауға қабілетті. Нақты модель анықталмағанымен, "Жолаушы X3" нұсқасы болуы мүмкін деген болжам бар.
Оқи отырыңыз: Алматыда ескірген кабельдік желілерді жедел жаңғырту тапсырылды
Компания өкілдері апаттың себептері жан-жақты тексерілетінін және әсіресе ұшуды басқару мен арақашықтық сақтау мәселелеріне назар аударылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, XPeng AeroHT алдағы уақытта қауіпсіздік шараларын күшейтетінін атап өтті.
Мамандардың пікірінше, бұл оқиға төмен биіктіктегі әуе көлігі саласында қауіпсіздік стандарттарын жетілдіру қажеттігін көрсетті.
XPeng AeroHT ресми деректеріне сай, компания – Азиядағы ең ірі ұшатын автокөлік өндірушісі әрі XPeng Motors экожүйесінің бөлігі.
lw-3094948329-1
USD:
510.5 / 513.1
EUR:
599.5 / 604.0
RUB:
6.43 / 6.55