USD: 487.3 / 490.3
  • EUR: 566.0 / 571.0
  • RUB: 6.37 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қытай Жаңа жылына байланысты "Қорғас" бекеті уақытша жабылады

Фото: mcps_khorgos
Фото: mcps_khorgos
"Қорғас" орталығы 1 наурызға дейін келушілерді қабылдамайды.

Қытай Жаңа жылына байланысты Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы орталығы қытай тарапы жағынан уақытша жабылады. Бұл туралы бекеттің ресми сайты хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚХР аумағындағы бекет 2026 жылғы 16 ақпаннан 1 наурызға дейін жұмысын тоқтатады. Осыған байланысты аталған мерзімде "Қорғас" орталығы келушілер үшін толық жабық болады.

Осы уақыт аралығында Қазақстан тарапы орталықтың өз жағындағы ғимаратында жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Ресми мәліметке сәйкес, "Қорғас" бекеті 2026 жылғы 2 наурызынан бастап қалыпты жұмыс режиміне қайта оралады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз