USDUSD: 509.9 / 512.3
  • EUREUR: 576.0 / 580.0
  • RUBRUB: 6.25 / 6.37
Тікелей эфир
Алматы +18C
Все города

Қытай ғалымдары коронавирустың жаңа түрін анықтады

Фото: ТАСС/EPA/ALEX PLAVEVSKI
Фото: ТАСС/EPA/ALEX PLAVEVSKI
Ғалымдар әзірге алаңдауға негіз жоқ деп отыр.

Қытайлық ғалымдар коронавирустың жаңа түрін анықтады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Ауру белгілері жарғанаттардан табылған. Алайда бұл вирустың адамдарға жұғу қаупі жоғары дейді мамандар. 

Зерттеуді Қытай ғылым академиясы, Ухань университеті және Вухан вирусология институтының қызметкерлері бірлесіп жүргізген. 

Соның қорытындысы бойынша ковидтің жаңа түрі адамға жұқса, қатты жөтелмен бірге пневмония сияқты асқынулар болуы мүмкін. 

Бұған дейін COVID-19 вирусы да тыныс алу жолдары ауруларын тудырғаны белгілі. Ғалымдар әзірге алаңдауға негіз жоқ, елде эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп отыр.

Серіктестер жаңалықтары