USD: 487.3 / 490.3
  • EUR: 566.0 / 571.0
  • RUB: 6.37 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

"Қырымның қырық батыры" эпосын ЮНЕСКО тізіміне енгізу: Үкімет жауабы қандай

Фото: Ruh.kz
Фото: Ruh.kz
10 жылда репрезентативтік тізімге қазақ халқына тән 14 элемент енгізілген.

Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутаттарының сұрауына орай, қазақ халқының "Қырымның қырық батыры" эпостық жырын ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізу ұсынысына жауап берді

Олжас Бектеновтің айтуынша, ЮНЕСКО-ның ережелеріне сәйкес мемлекеттер өздерінің ұлттық номинацияларын Репрезентативтік тізімге екі жылда бір реттен артық ұсына алмайды. Ал биыл "Салбурын: тазы ертіп, бүркіт салатын атбегілер фестивалі" ұлттық номинациялық досьесі ЮНЕСКО-ның қарауына ұсынылған. 

"Қырымның қырық батыры" эпостық жырын Репрезентативтік тізімге енгізу мәселесі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес алдағы уақытта қарастырылады", – деген Олжас Бектеновтің жауабында. 

Премьер-министрдің сөзінше, ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне соңғы 10 жыл ішінде қазақ халқына тән 14 элемент енгізілді. 

Айта кетейік, "Қырымның қырық батыры" эпопеялық жырын Мұрын жырау Сеңгірбекұлы жадында сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізген. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз