Тікелей эфир

Қырғызстанда TikTok желісіне қолжетімділік шектеледі

Бұл балалардың денсаулығына, психикалық және рухани дамуына зиян келтірмеу үшін қолға алынған.

Қырғызстан Цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ұсынысы бойынша интернет провайдерлерге TikTok әлеуметтік желісіне қолжетімділікті шектеу туралы хат жолдады, деп хабарлады 24.kg

Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің уәжі бойынша, қырғызстандық TikTok сегментінде, әсіресе балаларға арналған ақпараттық кеңістікте контент цензурасы жолға қойылмаған. Сондықтан, бұл балалардың денсаулығына, психикалық және рухани дамуына зиян келтіреді. 

TikTok желісін бұғаттауға қатысты талапты бұған дейін, өткен жылдың тамызында Қырғызстанның Мәдениет министрлігі де көтерген болатын. 


Оқи отырыңыз: WhatsApp, TikTok, Roblox. Қазақстандық балалар қандай мобильді қосымшаларды жиі қолданады?


Еске салайық, Қазақстанда да TikTok әлеуметтік желісін бұғаттау жөніндегі ұсыныстар Мәжілістің де, Сенаттың да мінберінен айтылды. 

Мәселен, биылғы ақпанда сенатор Әлішер Сатыбалды батыс және Қазақстанмен көршілес елдерде желіні бұғаттау шаралары қолға алынғанын алға тартты. Оның сөзінше, Қазақстанда TikTok әлеуметтік желісін қолданатындардың 75 пайызы 13-24 жастағы жастар құрайды. Тіпті, 4-5 жастағы балалардың өзі күніне орта есеппен бұл желіде өзінің 75 минут уақытын өткізеді. 

Серіктестер жаңалықтары