Тікелей эфир

Қырғызстанда сел кезінде жоғалған 2 жасар баланың денесі табылды

Сел салдарынан құрбан болғандар саны 10 адамға жетті.

Қырғызстанның Ош облысы Нооқат ауданы Апшыр-Ата ауылында сел алып кеткен екі жасар баланың денесі табылды, деп хабарлады Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. 

Ведомствоның мәліметінше, жедел іздестіру шараларының нәтижесінде баланың денесі кеше сағат 15.50-де табылған. Баланы жергілікті тұрғындар тауып, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне тапсырды.

"Қазіргі кезде құқық қорғау органдары оның тұлғасын нақтылап жатыр. Сел салдарынан құрбан болғандар саны 10 адамға жетті. Іздеу жұмыстарына 85 құтқарушы мен 100-ден астам жергілікті тұрғын жұмылдырылды", – делінген хабарламада.

Еске салайық, 28 маусым күні кешке Қырғызстанның Ош облысының Нооқат ауданында күшті сел жүріп, қатты ағын су тасжолды басып, жеті адамды алып кетті. 

Кейін қайтыс болғандардың арасында екі қазақстандық бала бар екені, тағы екеуі із-түзсіз жоғалғандар тізімінде екені белгілі болды. Біраз уақыттан кейін олардың денесі табылды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әуе кемесіндегі қазақстандық құтқарушылар азаматтарымызды эвакуациялау және қаза болғандардың мәйітін туған жеріне жеткізу үшін Қырғыз Республикасының Ош қаласына барды. 

Тоқаев Қырғызстанда селден адамдардың қаза болуына байланысты көрші ел басшысына көңіл айтты.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары