USDUSD: 511.7 / 514.1
  • EUREUR: 582.0 / 587.0
  • RUBRUB: 6.07 / 6.19
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Қырғызстанда президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров. Фото: Depositphotos.com
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров. Фото: Depositphotos.com
Сайлау 2027 жылғы 24 қаңтарға белгіленген.

Қырғызстанда 2027 жылғы 24 қаңтарда кезекті президент сайлауы өтеді. Бұл туралы Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқық мәселелері мен регламенттері бойынша парламент комитетінің отырысында белгілі болды, деп жазды 24.kg

Сайттың жазуынша, комитет "Қырғыз Республикасының президентін сайлау туралы" заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдаған. Бұған мемлекет басшысы Садыр Жапаров бастамашы болған. 

Түзетулерге сәйкес, кезекті президент сайлауы президенттің өкілеттігі бітетін жылғы қаңтардың төртінші жексенбісіне белгіленді. Садыр Жапаров 6 жылға Қырғызстан президенті болып 2021 жылы 28 қаңтарда сайланды. Сәйкесінше, келесі кезекті сайлау 2027 жылғы 24 қаңтарда болады. 

Сондай-ақ, президент сайлауы сайлау күнінен 4 ай уақыт бұрын тағайындалады. 


Оқи отырыңыз: Қырғызстан президенті өзі үлгі болып, табиғатты қоқыстан тазартуға шақырды. Видео


 

Серіктестер жаңалықтары