Тікелей эфир

Қырғызстанда мектеп оқушыларына смартфонды қалай дұрыс қолдануды үйретеді

Депутаттар заң жобасын әзірледі. Алайда, оны қалай жүзеге асыруды өздері білмейді.

Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттары "Жалпыға білім беру ұйымдарында мобильді құрылғыларды қолдануды реттеу туралы" заң жобасын әзірлеп, бұл жобаны Әлеуметтік саясат жөніндегі парламенттік комитет мақұлдады, деп хабарлады 24.kg

"Жобаның міндеті – оқ процесінде мобильді құрылғыларды пайдалануды реттеу және қауіпсіздік пен әдепке негізделген оқу ортасын құру, цифрлық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру, мобильді құрылғыларды саналы түрде қолдануға үйрету", – делінген құжат жобасының негіздеме ақпаратында. 

24.kg жазуынша, депутаттар жаңа заң жобасын әзірлегенімен, балаларды мобильді қондырғылардың зардабынан қалай сақтандыруға болатынын таппаған. Бұл міндетті олар мектептер мен ата-аналардың өзіне жүктеп отыр. 

"Мектеп оқушыларының мобильді құрылғыларды қолдануын реттеу оқу орындарының педагогтері мен ата-аналар тарапынан қолға алынатын түрлі шаралар мен саясаттар арқылы жүзеге асырылады", – деп жазған заң жобасының авторлары.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда сабақта смартфон қолдануға тыйым салу заңмен бекітіледі


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары