Қырғызстанның Жырғалаң өзенінің Ыстықкөл облысына қарасты бөлігінің жағалауынан мамонттың бас сүйегінің бөліктері табылды, деп хабарлады Қырғызстанның Мәдениет, спорт және жастар саясаты министрлігінің баспасөз қызметі.
Сүйектер карьер қазу жұмыстары кезінде 3-5 метр тереңдіктен табылған. Дегенмен, әбден мүжілген сүйектер күн сәулесінің әсерінен тез үгітіліп қалып жатқандықтан, археологтар оның белгілі бір бөліктерін ғана жерден қазып ала алған. Белгілі болғандай, бұл сүйектер мамонттың жақ сүйегі мен азуының бөліктері болып табылады.
Тазаланып, қапталған сүйек бөліктері музейге табысталады.
Қырғызстанның мәдениет министрлігінің мәліметінше, Жырғалаң өзенінің бойының тарихи-мәдени маңызы зор.
Оқи отырыңыз: Қырғызстан азаматтарының Қазақстанда болуына рұқсат етілетін мерзім 3 есе ұзарады